Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы мен Қазақ-Америка университетінің құқықтық мирасқоры

Магистратура

Құжаттыр тізімі
Жоғары білім туралы құжат (көшірме)
Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда)
Фото 3х4-6 дана (JPG фотосуреті электрондық тасымалдағышта, қабылданған сәтте)
Шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (түпнұсқа, бар болса)
Жеке куәлік көшірмесі
Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат
Магистратура - кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі.
Магистратура
Магистратура - кемінде 60-120 академиялық кредитті міндетті түрде меңгере отырып, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі.
Магистратураға түскеннен кейін студент бұрынғы білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыра алады немесе жаңа мамандық таңдай алады, осылайша екінші мамандық алады.
Магистратураға қабылдау КТ үшін бағалаудың 150 балдық жүйесінің шкаласына сәйкес кешенді тестілеу (КТ) қорытындысы бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға кемінде 50 балл, оның ішінде шет тілі бойынша - кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жүзеге асырылады.
Магистратураның білім беру бағдарламаларына түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілі бойынша тест тапсыруға болады.