Оқу университетаралық арасындағы келісімнің негізінде тегін. Студент жолақысын, жатын орны мен тамағын өзі төлейді.
Өтінімдер келесідей оқу бағдарламалары бойынша қабылданады:
• Дизайн;
• Сәулет;
• Телекоммуникация;
• Құрылыс;
• Геодезия және картография;
• Кадастр;
• Есеп және қаржы.
Қажетті құжаттар тізімі:
• Транскрипт;
• Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушының сауалнамасы (сауалнамаға сілтеме парақша сипаттамасында).
Құжаттар 2022 жылдың 12 желтоқсан күніне дейін қабылданады.
Барлық құжаттардың электронды PDF нұсқасын inter.dep@kazgasa.kz поштасына жіберіңіздер.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық кеңсемен (КАУ, 401) байланыс жасауға болады