Достар, біз сіздерге "Da Vinci Code"олимпиадасының 1-кезеңінің басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. KazGASA ең үздік сәулет-құрылыс жоғары оқу орнына түскісі келетін мыңдаған талапкерлер осы күнді күтті.
"Da Vinci Code" олимпиадасының 1-кезеңі
"Сәулет кереметтері" тақырыбындағы мотивациялық пост
Бұл кезеңде қатысушы өз аймағындағы сәулет ғимаратының жанында шығармашылық фотосурет жасауы керек. Бұл фотосуретті жариялау және осы сәулет нысаны туралы пост жазу қажет.
Постты Instagram жеке парақшасында ресми хэштег астында жариялау қажет
#KazGASACode
Бірінші кезеңнің орындалу мерзімі - 1 ай
"Da Vinci Code" олимпиадасы еліміздің ең креативті, ақылды, инновациялық және талантты балаларын тарту мақсатында құрылған. Олимпиада жеңімпазы оқудың барлық кезеңіне 100% жеңілдік алады.
Сіздердің креативті фото және посттарыңызды күтеміз, құрметті қатысушылар!
Грант үшін күресте сәттілік тілейміз!