Новости МОК

ХБК ректоры құттықтауы!

Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!

Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін!

Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспін!

Ізгі ниетпен, Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры
Имандосова Маргарита Булатқызы