Новости МОК

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлын Еліміздің елордасы — Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлын Еліміздің елордасы — Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы академиямыз KazGASA-ның түлегі. Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында стажер-зерттеуші болып бастаған. 

1998 жылдан 2000 жылға дейін монополияға қарсы саясат Комитетінің бөлімін басқарды. ККМ су көлігі Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2005 жылға дейін Жеңіс Махмұдұлы «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры болып тағайындалды.

2005 жылғы қарашада — Көлік және коммуникациялар вице-министрі, бұдан әрі көлік және коммуникациялар Министрлігінің жауапты хатшысы. Кейін көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды.

2019 жылғы 25 ақпанда премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Жеңіс Махмұдұлы Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған.

Жеңіс Махмұдұлын құттықтаймыз және жаңа лауазымында сәттілік тілейміз!