Жасын Аразбаев — бұрын ХБК Студенттік жастар комитетінің төрағасы, құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің 4 курс студенті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауды өткізуге, сондай-ақ елдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттау рәсіміне штаб басшысы, қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев, «Аманат» партиясының жоғары лауазымды тұлғалары, жастар, Алматы қаласының белсенділері және т. б. қатысты.
Халықаралық білім беру корпорациясының атынан Жасынды шын жүректен құттықтаймыз! Сізге сәттілік пен үлкен шығармашылық биіктер тілейміз!