Новости МОК

«Global SciCall: жаңа білімдер қоры» І ұлттық басылымдар конкурсы

Құрметті оқытушылар!


Сіздерді «EDP Hub» ЖШС (Алматы қ.) ұйымдастырған «Global SciCall: жаңа білімдер қоры» І ұлттық басылымдар конкурсына қатысуға шақырамыз. Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 15.02.2023 жылға дейін жүргізіледі.

Конкурс оқулықтар мен оқу құралдарының авторарын қолдау, басылымдық белсенділіктерін арттыру және олардың жұмыстарын білім беру мен ғылыми ортада баспалық және электрондық нұсқада жариялау арқылы ілгерілету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы білім беру процесін сапалы қамтамасыз етуге арналған EDP Hub цифрлық экожүйесінің және ресми серіктес білім беру платформалары – Сандық білім беру ресурсы IPR SMART (https://www.iprbookshop.ru), Цифрлық білім беру электрондық ресурсы DATALIB.RU (https://datalib.ru), Орта-кәсіптік білімдегі сандық білім беру ортасының электрондық ресурсы PROFобразование (https://profspo.ru) (ары қарай — Білім беру ресурстары) негізінде оқу құралдарының қорын құру мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жазылған, жоғарғы білім жүйесіндегі даярлаық бағыттары пәндерінің бағдарламаларына немесе техникалық, кәсіби, орта-кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктілігіне сәйкес келетін оқулықтар мен оқу құралдары қабылданады,олардың ішінен бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталады:
- Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік оқулық басылымы;
- Техникалық ғылымдар бойынша үздік оқулық басылымы;
- Ауыл, орман шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бойынша үздік оқулық басылымы;
- Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар бойынша үздік оқулық басылымы;
- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік оқулық басылымы.

Конкурс жеңімпаздары ақшалай ұтыстар мен дипломдарға ие болады.

Конкурсқа қабылданған жұмыстардың барлығы редакциялық-баспалық даярлаудан өткеннен кейін электрондық түрде басылып, оларға ISBN, DOI беріледі, ал Конкурс қатысушыларына жарияланым жөніндегі сертификаттар мен қатысу жөніндегі сертификаттар беріледі.

Конкурсқа қатысу тегін.

Конкурсты өткізу тәртібі, мерзімі, қатысу шарттары, жүлде қоры, конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар, оларды бағалау критерийлері және т.б. жайлы толық ақпараттарды http://globalscicall.edp-hub.kz/ сайтынан және edp_hub@mail.kz электронды поштасынан біле аласыздар.

Ғылыми-электронды кітапхана evrasija@mail.ru