Новости МОК

«Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым мен жоғары білім форумы

24-25 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым мен жоғары білім форумы өтті

«Адами капитал — Жаңа Қазақстанның дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумына ХБК ректоры Имандосова Маргарита Булатқызы, ғылым мен жоғары білім өкілдері, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының басшылары, жұмыс берушілер, оқытушылар, жас ғалымдар мен студенттер қатысты.

 Форумда қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері, әлемдік білім беру жүйесіне сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалды және жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылды.

Сонымен қатар форум шеңберінде барлық қонақтарға арналған болашақты болжаудың бірегей әдістемелері (форсайт-сессиялар), семинарлар, кездесулер өтті.