Новости МОК

«Студенттер үйінің жайлы ортасы» байқауы

ҚазБСҚА - бұл болашақ мамандардың перспективасын университет қабырғасында дамытатын орта!
Достар, ҚазБСҚА студенттері арасында өткен жүлде қоры 1.000.000 теңге болатын «Студенттер үйінің жайлы ортасы» атты ауқымды конкурс аяқталды!
Бұл - студенттерге өз кәсібінің барлық көпқырлы әлемін ашуға, барынша коммуникативтік және кәсіби дағдыларды, шығармашылық орта мен тәжірибені алуға мүмкіндік берген байқау.
Байқауға жеребе тастау әдісімен түрлі факультеттерден жиналған 7 команда қатысты. 1 кезең аяқталғаннан кейін финалға жоғары нәтиже көрсеткен ең үздік командалар іріктелді
Студенттер байқау аясында: қолданыстағы ғимараттың өлшеу жұмыстарын, студенттердің пікір сауалнамасын, сәулет жоспарларын, қасбеттер дизайнын, интерьер дизайнын, инженерлік желілер мен жүйелерді, конструктивтік және жылу техникалық есептерді орындады.
Сондай-ақ, сәулет, дизайн, құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент және жалпы құрылыс факультеттері атынан ғимараттарды қайта құру бойынша арнайы қатысушылар үшін 4 толыққанды онлайн семинар өткізілді.
Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қазылар алқасының пікірінше, студенттердің барлық жобалары жоғары деңгейде, креативті және бірегей шешімдермен және жаңа идеялармен орындалды.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Сізге шығармашылық табыс, керемет жетістіктер және көптеген жаңа, шығармашылық идеялар тілейміз!