Новости МОК

«"Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та білім алу»

Құрметті KazGASA жоғары курс студенттері, магистранттары мен түлектері!

18 маусым күні сағат 18: 00 - де сіздерді Visa Travel Consulting Center компаниясының негізін қалаушы, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына түсу жөніндегі маман, Purdue University түлегі және Boston University білім беру саласындағы магистрант Жорабеков Диаспен кездесуге шақырамыз.

Диас АҚШ-тағы "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалавриатта оқу үшін конкурстық іріктеуден өтуге көмектескен жеке тәжірибесімен, бірегей кейстерімен бөліседі және елдегі мүмкіндіктер туралы айтып береді.

18 маусым 18:00

Кездесу ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді:
Конференция идентификаторы: 241 356 3286
Конференция коды: eduabroad

Достарыңызбен бөлісіңіз және мұндай керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Кездескенше!