Байқауға Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері қатысып, iPad Pro, графикалық планшет және графикалық дизайнерге арналған бокс сияқты керемет сыйлықтар жеңіп алды.
1 орын — Дизайн факультетінің 5 курс студенті — Ким Данил
2 орын
1. Исболған Әкім — сәулет факультетінің студенті, 3 курс
2. Жармаш Дидар — сәулет факультетінің студенті, 3 курс
3 орын — Карим Нұрсұлтан, ҚазБСҚА колледжінің студенті, 3 курс
Іс-шарада шеберлік сыныптары, маркетинг, дизайн және т. б. сияқты әртүрлі салалардың спикерлері болды. Ал іс-шараны дизайнер, кәсіпкер, студия мен мектеп дизайнының негізін қалаушы Абай Омар жүргізді. Спикер өз тәжірибесімен, қызықты ақпараттармен және дизайн саласының ерекшеліктерімен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, байқау екі кезеңнен тұрды:
1. Тәуелсіздік күніне логотип жасау;
2. Жастар басқармасы қорының логотипін қайта жасау.
Халықаралық білім беру корпорациясы атынан студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен үлкен шығармашылық табыстар тілейміз!