Қазақстанның сәулет-құрылыс саласындағы өмірі-өнеге, тағдыры-тағылым нар тұлғамыздан қапыда айырылып қалғанымыз қабырғамызды қайыстырды. Кісілік келбетімен, парасат-пайымымен, адами биік тұлғасымен, өзіндік берік ұстанымымен өз ортасынан ойып тұрып орын алған Әмірлан Айдарбекұлы, шын мәнінде, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болды.
Ол: "Біздің жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді, жеңістеріміз бен жеңілістерімізді бізден кейінгі ұрпақтарымыз бен ұлы мәртебелі Тарих таразысына қалдырайық", - деуші еді.
Еліміздің ғылымын, білімін және адами капиталын дамытуға қосқан үлесі, іздегені-ізгіліктен жасағаны-жақсылықтан, айтқаны-ақиқаттан тұратын жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталмақ. Топырағы торқа, жаны жәннатта, тұрағы бейіште болсын!
Құрметті ағайын-туыс, бауырлар, әріптестер!
28 қазан күні Алматы қаласы, Достық данғылы 304 "Жалын" мейрамханасында сағат 18-00-де қонақ асы беріледі.
29 қазан жұма күні сағат 10-00 де Таугүл - 3 Ахмет Әділов көшесі - 148 б мекен жайында жаназасы шығарылады.
29 қазан жұма күні сағат 13-00 Ритц Палас мейрамханасында асы беріледі.
Мекен-жайы Әл-Фараби-1.