Новости МОК

KAU: Емтихандарды қайта тапсыру

Құрметті ҚАУ білім алушылары!

Қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша емтихандарды қайта қабылдау және пәндерді қайта оқу форматы бекітілді.

Емтихандарды қайта тапсыру 2022 жылғы 17-24 қаңтар аралығында ZOOM-да бейне-конференц-байланыс режимінде онлайн форматта өтеді. 14.01.2022 ж. деканат Сізді қайта тапсыруды қабылдау бойынша бекітілген емтихан кестесімен және емтихан өткізу туралы жадынамамен таныстырады.

Retake-тен кейін емтихандарды қабылдау 2022 жылғы 14-18 ақпан аралығындағы академиялық күнтізбенің мерзімдеріне сәйкес ZOOM-да бейне-конференц-байланыс режимінде онлайн форматта өтеді. Осы мерзімге дейін пәнді қайта оқып, рейтингтерге және/немесе емтиханға жіберу үшін ақы төлеу қажет. Төлем құнын деканаттан білу керек, өйткені әр курс бойынша кредит үшін төлем құны әр түрлі. Емтихан кестесі Сіздің назарыңызға жеткізіледі.

2022 жылғы 19 қаңтарға дейін корпорация қызметкерлері онлайн форматта жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша деканатқа немесе Тіркеуші кеңсесіне телефон арқылы немесе пошта арқылы хабарласуды сұраймыз. Сонымен қатар call-орталық жұмыс істейді: 8 (727) 355-10-56; 8 (800) 070-10-56.

Басқа жоғары оқу орындарына ауысуды жоспарлап отырған білім алушылар деканаттарға хабарласуларыңызды сұраймыз, сіздерге өтініш беру және ректордың рұқсатын алу форматы туралы ақпарат беріледі.