Сіздің басшылығыңызбен қысқа мерзімде Халықаралық білім беру корпорациясы айтарлықтай жетістіктерге жетіп, жаңа биіктерге көтерілді. Бүгінгі таңдағы білім беру күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысуыңыз, ғылыми қоғамдастыққа қосқан үлесіңіз және мамандардың жаңа буынына беретін үлгіңіз болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Біз Сіздің Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымының игілігі жолындағы көп жылғы жемісті еңбегіңізді, басшы, педагог және қоғам қайраткері ретіндегі кәсібилігіңізді, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының дамуына қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз.
Осы мереке күні Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, ғылыми және еңбек жолында әрдайым табыс тілейміз! Шын жүректен отбасыңызға амандық, пікірлестердің әрдайым қолдауын, жаңа жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейміз!