Новости МОК

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз! 

Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 


Бұл күн - Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті мереке. Тәуелсіздік күні - ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың асқақ арманы
орындалған күн.

Егемендік жылдарында біз мықты және еркін мемлекет құра алдық. Тәуелсіздіктің арқасында республикада білімнің, ғылымның, экономиканың, медицинаның түрлі салаларында табысты реформалар мен қайта құрулар жүзеге асты.

Осы айтулы күні отбасыларыңызға амандық, мол бақыт, баянды
ғұмыр тілейміз! Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!
Тауелсіздігіміз тұғырлы болсын!