Новости МОК

Такенова Жанар Сәрсенбаевна ХБК Бақылау Кеңесі Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Такенова Жанар Сәрсенбаевна ХБК Бақылау Кеңесі Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін Жанар Сәрсенбаевна ХБК Тіркеушісі қызметін атқарды. Оның басшылығымен тіркеу кеңсесінің жұмысын автоматтандыру бойынша жобалар енгізілді, жоғары, техникалық және кәсіптік және орта білім беру қызметінің көптеген салалары бойынша нормативтік құжаттар әзірленді.

Жаңа лауазымда Жанар Сәрсенбаевна ХБК білім беру процесінің ЖОО ішіндегі мониторингімен айналысатын болады, KazGASA ғимаратын қайта жаңарту үрдісіне қатысуды жалғастырады, сондай-ақ ЖОО-ны одан әрі дамыту үшін ұсыныстар енгізеді.

Жанар Сәрсенбаевнаға жаңа қызметіне табыс тілейміз!