Новости МОК

«Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорынан білім беру гранттары

Құрметті талапкерлер мен ХБК студенттері!

«Қазақстан халқына» қоры 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылатын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды.

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет.

* Бағдарлама туралы толық ақпаратты сілтеме бойынша және https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html сайтынан таба аласыз.

Түлектерден өтінімдерді (жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары) мына кезең ішінде қабылдайды:
- 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында.

Ақылы топтарда оқитын студенттердің арасында грант алуға үміткерлерден құжаттар 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында https://www.taiburyl.kz/ сайтында онлайн қабылданады.