Новости МОК

Студенттер қатарына қабылдау рәсімінің тұсаукесері

7 қазанда Халықаралық білім беру корпорациясында осы күздің көптен күткен оқиғасы – 2022 жылғы студенттер қатарына қабылдау «MOK ROCK» рәсімінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер бағдарламасы қызықтарға, ән мен биге толы болды, ал студенттеріміз өз факультеттерінің атынан таңғажайып нөмірлер ұсынды.

Кештің бас жұлдыздары ретінде жастар арасында танымал әртістер Darkhan Juzz, Taspay, Dudeontheguitar, Suliko өнер көрсетті. Қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлаған — кеш жүргізушісі және арнайы шақырылған диджей.

Тұсаукесер соңында ХБК корпоративтік және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Малаева Диана Кабдулловна 1 курс студенттеріне сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.