Новости МОК

Халықаралық білім беру корпорациясында Спартакиада финалы

16-20 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында қызметкерлер мен профессорлық-оқытушы құрамның арасында Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлын еске алуға арналған Спартакиада өткізілді.

Спартакиада финалы «Лесная Сказка» таулы демалыс орталығына тимбилдингпен аяқталды. Онда ХБК қызметкерлері мен профессорлық-оқытушы құрамы эстафета ойындарын ойнап, салтанатты марапаттау рәсімін тамашалап, керемет уақыт өткізді.

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар келесідей бөлінді:
1 орын — ҚазБСҚА Колледж-Мектебі
2 орын — ҚАУ мектебі
3 орын — «Сұңқар» командасы
Спартакиада жеңімпаздары кубоктармен, естелік грамоталармен және ұйымдастырушылар арнайы дайындаған медальдармен марапатталды.

Арнайы кеш қонағы болып ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Хабар» телеарнасының ресми дауысы, үздік «Brand Voice» Мұқаш Ержан Серікұлы Спартакиада қатысушылары үшін ерекше әндер айтып, шын жүректен құттықтау тілектер айтты.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!