Новости МОК

ХБК студенттері Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағының аумағын безендірді

Сәулет факультетінде оқитын Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағының аумағын лотос жапырақшалары, атақты снитч, түс аулаушы және т.б. көлемді инсталляциялармен безендірді.

Ботаникалық бақта санитарлық кесу және тазалау кезінде жиналған табиғи материалдарды біздің студенттеріміз нағыз өнер туындыларына айналдырды. Осындай ауқымды нысандардың авторлары біздің сәулетші-студенттеріміз: Әбдіразақ Ернар, Мухтар Әликожа, Ғалым Бекзат, Оразбаев Мирас, Барышева Анжела, Ермагамбет Жасулан, Искаков Адиль, Шалабекова Нуриля, Байзакова Сабина және Кадырова Томирис.

Бұтақтардан, діңгектерден және құрғақ шөптерден жасалған ерекше мүсіндер Алматы қаласында қыс мезгілі кезінде пайда болды. Барлығы 9 мүсін орнатылды. Осындай қысқа мерзімде олар оңтүстік өңірдің тұрғындарына ғана емес, қала қонақтарына да ұнады.

Халықаралық білім беру корпорациясы, оның ішінде Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы әрқашан өз саласының шеберлері мен мамандарын тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Біз болашақ сәулетшілерімізді мақтан тұтамыз және оларға үлкен шығармашылық табыс тілейміз!