Новости МОК

Сәулет ғылымдарының докторы, сәулет факультетінің профессоры Бекримжан Абакович Глаудиновтың 80 жылдығы

2022 жылғы 17 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясында ғылыми кеңес өтті және онда сәулет ғылымдарының докторы, сәулет факультетінің профессоры Глаудинов Бекримжан Абаковичті мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.

Ғылыми кеңестің отырысына ХБК ректоры Имандосова Маргарита Булатовна, факультет декандары, факультет декандарының орынбасарлары, сондай-ақ ХБК профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Глаудинов Бекримжан Абакович 1942 жылы 13 қарашада Алматы облысы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Ташкент политехникалық институтын бітіріп, одан әрі Мәскеу сәулет институтында оқуын жалғастырды. 1965-1966 жылдары Қазақ қала құрылысы басқармасының сәулетшісі болды. 1966-1981 жылдары — Қазақ политехникалық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, деканы. 1981-1988 жылдары Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында кафедра меңгерушісі, 1988 жылдан ҚазБСҚА факультетінің деканы.

Бекримжан Абакович — 100-ден астам ғылыми еңбектердің, Қазақстан сәулетінің тарихы мен теориясы бойынша 249 ғылыми мақалалардың және монографиялардың авторы. Ол мемлекеттік, үкіметтік және өзге де наградалармен марапатталды, сондай-ақ "Қазақстан сәулетінің тарихы" , "Ірі қала жағдайында халықтың тіршілік әрекетінің қалалық ортасын оңтайландыру жолдары" және т. б. жобаларға қатысты.

Бекримжан Абаковичті мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, жұмысыңызға табыс, жаңа шығармашылық жетістіктер, барша тілектеріңіздің орындалуын және сәттілік тілейміз!