Жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша мамандықтар алу үшін қазақстандық жоғары оқу орнында оқуды жоспарлап отырған мектептің/балалар үйінің/жасөспірімдер үйінің/колледждің түлегі бағдарлама қатысушысы бола алады. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар жастардан да өтініштер қабылданады.
"ÓRLEÝ" (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2022 жылғы 25 сәуір мен 20 шілде аралығында Қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет.
* Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де (GMT + 6). аяқталады.
Өтінімге келесі құжаттар қоса берілуі керек:
Грант ізденушінің ата-анасы және (немесе) заңды өкілі үшін міндетті құжаттар:
1) жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
2) грант ізденушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері:
a) отбасы құрамы туралы анықтама;
b) зейнетақы туралы анықтама: жасына байланысты, мүгедектігі бойынша (бар болса);
c) жәрдемақы туралы анықтама: асыраушысынан айырылу бойынша, көп балалы болу бойынша, бала күтімі бойынша, жұмыссыздық бойынша, АӘК және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де негіздер бойынша (болған жағдайда);
d) кәсіпкерлік объектісінің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
e) өтінім берілген күнге зейнетақы аударымдары туралы грант ізденушінің заңды өкілінен және (немесе) ата-анасынан үзінді көшірме;
f) тұрғын үйдің, автомобильдің, қосалқы шаруашылықтың, т.б. болуы/болмауы туралы ақпарат.
Грантқа үміткер үшін міндетті құжаттар:
1) жеке куәліктің сканерленген көшірмесі;
2) келесілерден тұратын мотивациялық хат:
a) өзі және отбасы туралы; қызығушылықтары мен әуестігі, өзінің жетістіктері туралы ақпарат;
b) оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсету қажеттілігінің себептері туралы ақпарат;
c) неліктен білім алу үшін осы мамандықты таңдадым;
d) таяудағы 10 жылға арналған жоспарлар туралы.
3) Орта мектепті бітіргені туралы Аттестат/колледж дипломы («жақсы және өте жақсы» дегеннен төмен бағасы бар ізденушілердің өтінімдері қаралмайды), ҰБТ тапсырғаны туралы сертификат (ЖОО-ға түсу үшін);
4) Мүгедектігі бойынша анықтама (болған жағдайда);
5) балалар үйі немесе Жасөспірімдер үйі тәрбиеленушісінің анықтамасы.
Қосымша құжаттар:
1) академиялық жетістіктері үшін грамоталар мен дипломдар – 2 данадан көп емес*;
2) 2021-2022 жж. фото:
a) грантқа үміткердің (паспорт фотосы емес) – 1 дана.
b) отбасының, барлық отбасы мүшелері немесе олардың көпшілігі бар (2019 жылдан кеш емес) – 2 дана.
3) Қажет болған жағдайда Қор қосымша құжаттарды талап ету құқығын өзіне қалдырады.
*Қор сертификаттардың, хаттардың және дипломдардың шектеулі санын қарастырады. Грантқа үміткер өз жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
Байқау ережесі