3 наурызда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Сенің сәтің» Республикалық студенттік форумы өтті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдаған форумға жоғарғы оқу орындардың студенттері, профессор – оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ басқа облыстардан арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Форумның басты мақсаты-еліміздің жастарының бірлігін нығайту, оларда ұлттық-патриоттық құндылықтар мен жаңа ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Нұрмұханұлы қатысушыларды құттықтап, форумның ашылғанын хабарлады. «Егер білімді де, белсенді жастардың саны өссе, еліміздің болашағы тамаша болатынына күмән жоқ. Бүгінгі форум еліміздің барлық өңірлерінен келген жастарды біріктіріп қана қоймай, жастар қозғалысына жаңа серпін, жаңа идеялар мен ұсыныстар әкеледі»,- деді ол.
Атырау қаласының басшысы Мейірім Қалауи студенттерге бүгінгі жиналыста табыс тілеп, көшбасшы студенттер арасында мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын болашақ мықты тұлғалар бар екеніне сенім білдірді.
Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан студенттерге үлкен сенім білдіріп, министрлік әрдайым жастардың жұмысын қолдайтынын атап өтті.
Түрлі өңірлерден жиналған белсенді студенттерді бір арнаға біріктірген «Сенің сәтің» республикалық форумында Атыраудың таланттары күйді орындады, ал бишілер мен әншілер өз өнерлерін көрсетіп, арнайы дайындалған концерттік бағдарлама дайындады.
Сондай-ақ, шара барысында Айсұлу Ерниязова, Динара Болат және Марат Бексұлтанұлы студенттерге арналған тренингтер өткізді.
ХБК атынан 3 курс студенті, ЭМС студенттік жастар комитетінің төрағасы Қангелді Абдурахим Ұласбекұлы қатысып, «Студенттік белсенділікті төмендету: себептерді түсіну және шешімдерді іздеу» тақырыбында презентация жасады, және жастар білімін дамыту үшін жаңа идеялар ұсыну.