Новости МОК

Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысының Алматы қаласының техникалық жоғары оқу орындарының студенттерімен және жас ғалымдарымен кездесуі өтті.

Кездесуге 9 ЖОО қатысты: Халықаралық білім беру корпорациясы, Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы технологиялық университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты және азаматтық авиация академиясы.

Біз осы кездесуге қатысып, Мемлекет басшысынан жоғары білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша нақты шешімдерді естігенімізге қуаныштымыз. Барлық қонақтар Ғалым-әріптестер мен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңа жобаларымен, идеяларымен шабыттанды.

Мемлекет басшысының жетекші шетелдік университеттермен академиялық кооперацияны күшейту жөніндегі тапсырмасын ерекше атап өткіміз келеді. Шетелдік әріптестермен тәжірибе және білім алмасу еліміздегі жоғары білім мен ғылым саласын дамытуда жаңа кезең береді.