Новости МОК

Профессорлық-оқытушылық құрамға бос лауазымдар байқауына қатысуға түйіндемені қабылдау жарияланады

"Халықаралық білім беру корпорациясы" ЖШС (ХБК) 2022-2023 оқу жылына профессорлық-оқытушылар құрамының және оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін түйіндеме қабылдауды жариялайды.

Қатысуға келесі салаларда бейіндік білімі және жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар шақырылады:
1) Сәулет
2) Дизайн
3) Құрылыс
4) Инженерлік жүйелер мен желілер
5) Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру
6) Геодезия
7) Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы
8) Ақпараттық жүйелер

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- ғылым кандидаты/докторы/PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі (сондай-ақ жоғары кәсіптік білімі (специалитет) және мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл практикалық қызмет тәжірибесі бар кандидаттар қарастырылады).
Ағылшын тілін білу және рейтингтік ғылыми басылымдарда ғылыми жарияланымдардың болуы артықшылық болып табылады.
Педагогикалық қызметті негізгі жұмыспен біріктіргісі келетін өндірістен келген мамандарға икемді кесте бойынша ішінара жұмыспен қамтудың нұсқалары ұсынылады.


Кандидаттарды іріктеу 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1) мүдделі тұлғалардың түйіндемелерін қарастыру – 18.04.2022 ж. бастап 31.05.2022 ж. дейін.;
2) кандидаттармен әңгімелесу және конкурстық іріктеу – 06.06.2022 бастап 30.06.2022 дейін.
Мүдделі тұлғалардан түйіндемені келесі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз a.sadykova@mok.kz. Жұмыс жағдайлары, еңбекақы төлеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа қалалардан келген және шетелдік мамандарға тұратын жерді ұйымдастыруда көмек көрсету әңгімелесу кезеңінде келісіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін ХБК HR департаментінің директоры Садыкова Асель Ахметбековнаға хабарласуыңызға болады (+77010526101)