Новости МОК

Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауы

8 желтоқсанда «SmArt Point» коворкинг орталығында жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің 2 курс студенті Камашева Жансая «Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауының жеңімпазы атанып, 200.000 теңге көлемінде бас жүлдені жеңіп алғанын қуана хабарлаймыз!

Сондай-ақ, байқауға құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультетінің 2 курс студенті Борисенко Элина қатысып, 30.000 теңге көлемінде ынталандыру сыйлығын алды.

«Мұхтар Әуезов әлемі» лонгрид байқауы 12 қазанда басталды. Байқау 18-25 жас аралығындағы Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері арасында өткенін еске саламыз.

Халықаралық білім беру корпорациясының атынан Жансая мен Элинаны шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен үлкен шығармашылық биіктер тілейміз!