Новости МОК

ХБК студенттері арасында "ХБК Құрметті Президенті Амирлан Айдарбекович Кусаиновты еске алу Кубогы" жарысы өтті

Халықаралық білім беру корпорациясында ХБК (KazGASA, KAU, Kazgasa колледжі, АКС) студенттері арасында "ХБК Құрметті Президенті Амирлан Айдарбекович Кусаиновты еске алу Кубогы" жарысы өтті.

Ашылу салтанатында Амирлан Айдарбекұлын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді байқау кеңесінің төрағасы Айғазы Әмірланұлы Құсайынов марапаттады.

Жарысқа 37 команда қатысты. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтті: футбол, баскетбол, волейбол (ұлдар), волейбол (қыздар) және үстел теннисі (аралас команда).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алда жеңістер тілейміз!

Амирлан Кусаиновты еске алу турнирі енді жыл сайын өтеді. Бұл студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың жақсы дәстүріне айналады.