Новости МОК

"Отанға барар жол" олимпиадасына тіркеу басталды

Құрметті достар! Сіздерге «Отанға барар жол» атты ерекше олимпиадаға тіркеу басталғанын хабарлаймыз!

«Отанға барар жол» байқауы өз туған жерінен алыста тұратын қандастарымызды қолдауға бағытталған. Олимпиада аясында Халықаралық білім беру корпорациясы барлық оқу кезеңіне арналған гранттарды ойнатады.

Олимпиаданың басты мақсаты - тарихи туған жерінен алыста тұратын этникалық қазақ жастарының арасынан дарынды жастарды тауып, туған жеріне оралуына, қазақ қоғамына толық бейімделуіне және тегін білім алуына мүмкіндік беру.  

Олимпиадаға тіркеу 31 наурызға дейін жүргізіледі.   

Олимпиадаға қатысып, өз Отаныңызда жоғары сападағы білім алғыңыз келсе, профильдегі сілтеме арқылы ресми сайтқа өтіп, тіркеу формасын толтырыңыз.

«Отанға барар жол» - сені болашаққа жетелейтін табысты қадам!