Новости МОК

«JAIDARMAN MOK» КВН лигасының алғашқы ойыны өтті

30 Қарашада «Concordia» студенттік театрында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының қолдауымен «JAIDARMAN MOK» КВН лигасының алғашқы ойыны өтті.

«JAIDARMAN MOK» КВН лигасына барлығы 9 команда қатысты — ХБК, Алматы байланыс колледжі және KazGASA колледжі студенттері. КВН ойыны 3 бөлімнен тұрды:

1. Сәлемдесу — топ мүшелері өздерін және өз командаларын таныстырады. Сәлемдесу негізінен мәтіндік әзілдерден тұрады.
2. Биатлон— команда мүшелері әзілдер «атады» ал қазылар алқасы әр айналымнан кейін көңілдерінен шықпаған команданы ойыннан шеттетеді.
3. Жылыту — отыз секунд ішінде командалар басқа командалар, зал, қазылар алқасы немесе жүргізуші қойған сұрақтарға күлкілі жауап беруі керек.

Іс-шараға арнайы шақырылған әншілер, студенттік белсенділер, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері ретінде құрметті қонақтар қатысты:

Құлымбетов Оңдасын Дінмұханбетұлы — «Қазақстан КВН Одағы» РМҚБ КВН Алматы филиалының директоры, КВНщик

Рафаэль Хасанов — «Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» ЗТБ президенті

Хасанов Суннатулла Хурсанд — С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Студенттік үкіметінің төрағасы.

«JAIDARMAN MOK» КВН лигасының жүлделі орындары келесідей бөлінді:

I орын — 100.000 теңге
«ДС» командасы
«Qap-Qara» командасы
II орын — 50.000 теңге
«ФСТИМ» командасы
III орын — 25.000 теңге
«КАиС» Командасы

«JAIDARMAN MOK» КВН лигасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтағымыз келеді! Барлық ойыншыларға және барлық командаларға қатысқандары үшін және тамаша ойын үшін алғыс айтамыз! Жаңа бастамаларыңызда сәттілік тілейміз!