Новости МОК

Академик Шахмардан Есенов атындағы шәкіртақы байқауы

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 40 000 теңгеден тұратын 20 студентік шәкіртақы байқауын жариялайды.

Бағдарламаға қазақстандық университеттерде жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық ( медициналық ЖОО үшін бакалавриаттың 2-5 курсы) және ІТ мамандықтары бойынша білім алып жатқан бакалавриаттың 2-3 курс студенттері, 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Ш. Есенов атындағы шәкіртақы байқауына қатысу үшін үміткер:
Қордың yessenovfoundation.org сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1. Жеке куәлік көшірмесі;
2. «Қазіргі әлемде кәсіпқой маман болу оңай ма? Бұған не кедергі келтіреді және не ықпал етеді?» атты тақырыпқа эссе/уәждемелік хат. (Microsoft Word форматында);
3. Транскрипт (орта балл 3,0 кем емес).

Қосымша құжаттар:
4. Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан көп емес;
5. Әлеуметтік белсенділік/еріктілік қызметі үшін сертификаттар – 3 сертификаттан көп емес;
6. Жарияланымдар – 2 жарияланымнан көп емес.
7. Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

*Қормен сертификаттардың шектеулі саны қаралады. Ізденуші жетістіктерін барынша жақсы жағынан көрсететін сертификаттарын өз бетінше іріктеп алуы қажет.

Өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында 2023 жылдың 30 қаңтары мен 02 наурыз аралығында қабылданады.

* Өтінімді қабылдау 2023 ж. 02 наурыз Астана қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағат 15:00 аяқталады.
Барлық өтінімдер қордың yessenovfoundation.org сайтында толтырылады.