Новости МОК

2022 Референдум бойынша Мәжіліс депутаттарымен кездесу

Бүгін, 20 мамыр күні, Халықаралық білім беру корпорациясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. 

Мемлекет үшін аса маңызды саяси оқиға – ел Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында депутаттар ұсынылған өзгерістердің мәнін халыққа жеткізе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Іс-шараға «АMANAT» партиясының Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы; ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Ахметов Мәди Абылайұлы; ҚАЗРЕНА қауымдастығының бас директоры, «АMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, партия штабы басшысының орынбасары – Жапаров Борис Аликенұлы; «Қазақстан еріктілері лигасы» ҚҚ төрағасы – Беккайров Нұрсұлтан Болатұлы; «AMANAT» Партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының атқарушы хатшысы – Жамбылов Баймұрат Мұратханұлы; ХБК ректоры, т.ғ.д., профессор – Имандосова Маргарита Булатқызы; ХБК проректоры – Меңдіғалиев Қайыржан Ермекұлы, ХБК басқарушы құрамы қатысты. 

Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған 5 маусым күні өтетін референдумды талқылады. Сонымен қатар, Конституцияға түзетулер, республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу ерекшеліктері айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді