Новости МОК

«И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне» (Қырғызстан, Бішкек қ.) оқуға өтінімдер қабылдау басталды!

Академиялық ұтқырлық аясында 2023 жылдың көктемгі семестрінде «И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетіне» (Қырғызстан, Бішкек қ.) оқуға өтінімдер қабылдау басталды!
Оқу университетаралық арасындағы келісімнің негізінде тегін. Студент жолақысын, жатын орны мен тамағын өзі төлейді
Өтінімдер келесідей оқу бағдарламалары бойынша қабылданады:
• Дизайн;
• Экономика;
• Радиотехника;
• Материалтану және материалдар технологиясы;
 
Қажетті құжаттар тізімі:
• Төлқұжат көшірмесі;
• Транскрипт;
• Академиялық ұтқырлық бойынша білім алушының сауалнамасы (сауалнама сілтеме парақша сипаттамасында).
 
Құжаттар 2022 жылдың 12 желтоқсан күніне дейін қабылданады.
Барлық құжаттардың электронды PDF нұсқасын inter.dep@kazgasa.kz поштасына жіберіңіздер.
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық кеңсемен (КАУ, 401) байланыс жасауға болады