Новости МОК

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атануымен құттықтаймыз!

Халықаралық білім беру корпорациясы сәулет кандидаты, қауымдастырылған профессор, Дизайн факультетінің деканы Амандықова Дина Әбілмәжінқызы және PhD, жалпы құрылыс факультетінің қауымдастырылған профессоры Брянцев Александр Александровичты мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атануымен құттықтайды!

«Ғылым саласындағы сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі қаулысына сәйкес және материалдарды қарау мен сыйақылар беру жөніндегі шешімдерді дайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының шешімі негізінде мемлекеттік ғылыми стипендия беру жыл сайын өткізіледі. Мемлекеттік ғылыми стипендиялардың мақсаты оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби жетістіктерге ынталандыру болып табылады.

Биылғы жылы жетекші ғалымдар мен жас ғалымдар бағыттары бойынша 75 ғалым мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Конкурста отандық және халықаралық журналдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. бағаланды. Сондай-ақ үміткердің оқыту сапасы, оның бакалавриат, магистратура және докторантурада кадрлар даярлау жөніндегі жұмысы бағаланды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби биіктер мен ғылыми жетістіктер тілейміз!