«Туризм» мамандығының 3-курс студенті Әліби Пернебек Алматы қаласында өткен жекпе-жектен Халықаралық турнирдің чемпионы атанды.
Сондай-ақ, Алиби ММА Еуропа чемпионатының жүлдегері, ММА әлем чемпионатының жүлдегері, ММА спорт шебері және Dar Team командасының жауынгері.
Алибиге жаңа жетістіктер, сәттілік және зор денсаулық тілейміз. Сіздің еңбекқорлығыңыз бен табандылығыңыз әрқашан қажетті нәтиже беріп, Сізді жоғары деңгейге көтерсін!