Новости МОК

KAZGOR Жобалау академиясының жас мамандарға арналған BIM жобалау бойынша байқауы

27 ақпанда Қазақстандағы ең ірі KAZGOR жобалау ұйымы, bimQ және Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы жанындағы Жас сәулетшілер секциясы ұйымдастырған сәулет саласындағы студенттер мен жас мамандарға цифрлық модельдерді әзірлеуге арналған конкурс аяқталды.

Байқаудың жеңімпаздары болып Халықаралық білім беру корпорациясының студенттері жарияланды:

1 орын-Үсенқызы Ақмарал (Сәулет факультеті, 3 курс)

3 орын - Пяк Оксана (Сәулет факультеті, 4 курс)

4 орын - Гармаш Илья (ҚазБСҚА колледжі)

Финалистер шағын тәжірибеден өтіп, сыйлықтар, кітаптар, ақшалай жүлделерге ие болып, жобалаудың қыр-сырымен танысты.

Халықаралық білім беру корпорациясы атынан студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сіздерге сәттілік пен үлкен шығармашылық биіктер тілейміз!