Новости МОК

«Болашақ сәулетшілері» Олимпиадасының нәтижелері

Достар, міне, «Болашақ сәулетшілері» Олимпиадасы аяқталды, оған Алматы қаласы мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты.


Олимпиаданың басты артықшылығы бірінші оқу жылына 25%, 50% және 100% жеңілдік болды.


Олимпиада 2 кезеңнен тұрды:


Бірінші кезеңде қатысушыларға Қазақстан сәулет тарихы ескерткіштерінің қасбеттері мен жоспарларын салу қажет болды.


Екінші кезең қатысушылардың шығармашылық ойлау қабілетін анықтауға бағытталған. Қатысушылар «Болашақтың көк тіреген ғимараты» тақырыбына сәулет қиялын құрастырды.


Барлық жұмыстар керемет, креативті және жарқын болды. Бірақ қазылар алқасы ең үздік қатысушыларды таңдап, жүлделі орындар келесідей бөлінді:


I орын бірінші оқу жылына 100% жеңілдік - Айхожа Аяулым Сейсенқызы

II орын бірінші оқу жылына 50% жеңілдік - Жылқыбай Алдияр Ерланұлы

III орын бірінші оқу жылына 25% жеңілдік - Мырзайым Жанерке Жандосқызы


Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз және жеңімпаздарды керемет жеңісімен құттықтаймыз! Сіздерді KazGASA қабырғасында күтеміз!edited 15:55