Новости МОК

KAU-ға ауысу туралы ақпарат

20 қаңтарға дейін Сіздің Қазақ-Америка университетіне ауысуға мүмкіндігіңіз бар.

ЖОО ға ауысу үшін Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажет:
• ректор (өз университетінің) қол қойған ауысу туралы өтініш
• бұйрықтардың мөрмен расталған үзінділері (қабылдау туралы, курстан курсқа ауысу туралы, оқудан шығару туралы) ;
• ЖОО-ның қолымен және мөрімен куәландырылған түсу емтихандарының ведомосынан үзінді;
• ЖОО лицензиясының көшірмесі;
• транскрипт;
• куәлік көшірмесі;
• тіркеу куәлігінің көшірмесі (ерлер үшін);
• қосымшасы бар аттестат (түпнұсқа);
• ҰБТ сертификаты (түпнұсқа);
• 3*4 сурет – 6 дана;
• флюоротүсірмесі бар 075 нысандағы анықтама.

Құжаттарды тапсыру онлайн форматта жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша +7 800 070 10 56, +7 727 355 10 56 нөмірлеріне хабарласуға болады