Жоғалған тас бөліктерін табу жолында әр команда түрлі тапсырмаларды орындап, барлық кезеңдерден сәтті өтті.
Жақсы ұпай жинау үшін әр команда басшылары мен мүшелері бірлесіп жұмыс істеді.
Кеш түрлі қызықтарға толы болды және барлық қатысушылар уақытты көңілді өткізді. Квест нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын иегерлері — Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті командасы
2 орын иегерлері — Алматы байланыс колледжі командасы
3 орын иегерлері — KazGASA колледжі командасы
Командаларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!