Новости МОК

ХБК цифрлы трансформациясы

Халықаралық білім беру корпорациясының цифрлық трансформациясы жолындағы тағы бір үлкен жеңіс!

ХБК цифрландыру департаменті ЖОО-ның оқу және әкімшілік процестерін автоматтандыру, жеделдету және оңтайландыру мақсатында құрылған екі эксклюзивті IT-өнімдердің шығарылғаны туралы хабарлайды:
Студенттің жеке кабинеті - барлық оқу кезеңіндегі үлгерімді бақылауға, қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ, кезекте тұрмай және тіркеуші кеңсесінде физикалық қатысусыз алуға болатын ыңғайлы онлайн-сервис. Аралас форматта оқитын студенттер үшін өте пайдалы.

Студентінің жеке кабинетіне сілтеме: Lms.moktools.online

Қандай құжаттарды алуға болады?
- транскрипт
- оқу орнынан анықтама
- әскерге шақырылғандарға анықтама
- ЗТМО анықтамалары №9, №6, №31.

ХБК HR-департаментінің жұмысын автоматтандыру үшін қызметкерлерді онлайн рәсімдеу сервисі

Жұмысқа қабылдау алгоритмі:
- Ізденуші алғашқы тіркеуден онлайн өтеді
- Өтінім құжат айналымында қаралады
- Өтінімді сәтті қабылдағаннан кейін ізденуші сауалнаманы толтырады және оған қажетті құжаттарды тіркейді
- Сауалнама автоматты түрде өтініш пен еңбек шартын жасайды
- Қызметкерге тек HR-ге келіп, құжаттарға қол қою ғана қалады
- Барлық рәсімдерден кейін ізденуші автоматты түрде құжат айналымына толық қол жеткізе алады және ХБК ұжымына қосылады

Осындай үлгі бойынша қабылдау комиссиясы өткізіледі деп жоспарлануда. Әрбір талапкер ЖОО-ға қатыспай-ақ өз бетінше тіркеліп, құжаттарын онлайн форматта тапсыра алады!

Цифрлы ХБК - табысқа апаратын жол!