Новости МОК

2021-22 оқу жылының қысқы демалыс кезеңінің жол жүру өтемақысы


"Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы заңына сәйкес, қалааралық көлікпен жүруге өтемақы қалааралық теміржол және автомобиль көлігімен (таксиден басқа) жүргенін растайтын құжаттар (жол жүру билеті және отырғызу талоны, автобуспен жүргені бойынша тек жол жүру билеті) болған кезде ғана жүзеге асырылады.

ХБК-да 2021-22 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы 2021 жылғы 29 желтоқсанда аяқталғанын ескере отырып, студенттер билеттер мен отырғызу талондарын ұсыну қажеттілігі туралы алдын ала хабардар етілмегенін ескере отырып, халықаралық білім беру корпорациясының басшылығы туындаған жағдайды түсіндіруді сұрап, ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүгінді.

Сұранысқа жауап ретінде 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрықтың әрекеті 2021-22 оқу жылының қысқы каникул кезеңіне қолданылмайды деген жауап алынды.

Көліктік жол жүру өтемақысын төлеу мемлекеттік білім беру гранты иегерлері - бакалавриаттың барлық студенттері үшін ертеңнен бастап - 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап жүзеге асырылады.