Новости МОК

«Дене шынықтыру» бағыты бойынша профессор Б.Ж.Айманбетов дүниеден өтті

Халықаралық білім беру корпорациясының ұжымы «Дене шынықтыру» бағыты бойынша профессор Айманбетов Боқан Жомартбайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады.

Боқан Жомартбайұлы-Қазақстандағы тоғызқұмалақ ұлттық ойынының қайта жаңғыруының негізін қалаушылардың бірі. Футбол және баскетбол секцияларын өткізген болатын.

40 жылдық ұстаздық қызмет жолында Боқан Жомартбайұлы көптеген жарқын спортшыларды тәрбиелеген. Оның шәкірттері Республикалық маңызы бар жарыстарда жеңіске жетті. Ол шәкірттерінің қабілеттерін ашып, оларды мақсаттарына жетуге және жеңуге үйретті.

Спорт клубын 2008-2010 жылдары басқарды. Оның басшылығымен спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді. Ол үлкен кәсібилікпен және адалдықпен белсенді жұмыс істеді.

ҚР білім беруді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР БҒМ алғыс хаттарымен марапатталған.