Новости МОК

ХБК құрметті профессоры Оспанов Серғазы Оспанұлы дүниеден өтті

Халықаралық білім беру корпорациясы ұжымының атынан Серғазы Оспанұлы Оспановтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
ХБК-ның құрметті профессоры, тамаша ғалым, нағыз педагог, көрнекті құрылысшы және талантты басшы дүниеден өтті. Оның басшылығымен жалпы құрылыс факультеті оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыста, сондай-ақ халықаралық байланыстарды кеңейтуде тамаша нәтижелерге қол жеткізе алды. Көпжылдық және адал қызметінің арқасында Серғазы Оспанұлы құрылыс саласы мен отандық ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосты, сонымен қатар құрылысшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.
Серғазы Оспанұлының өмірден кетуі - бәріміз үшін үлкен қайғы. Ол туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі, ал атқарған еңбегі тек отандық қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік ғылымның тарих беттерінде мәңгі сақталатын болады.