Новости МОК

KazGASA студенттері RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті

1 наурызда KazGASA студенттері RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті.

RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясы сәулет-құрылыс жобалары мен жобалау-құрылыс жұмыстарын әзірлеуге бағытталған компания болып табылады.

Кездесуге қатысушылар RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясының қызмет бағыттары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, даму перспективалары және т.б. туралы білді.

Компанияның Бас директорымен бірге өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері де талқыланды. Студенттерге арналған өндірістік практика — бұл еңбек нарығын білуге және болашақ мамандықта өзіңізді табуға мүмкіндік беретін оқу процесінің маңызды құрамдас бөлігі.

RASS GROUP PROJECT ЖШС компаниясына жемісті кездесуі үшін алғыс айтамыз!