Новости МОК

«Жас мамандардың жұмысты өтеу міндеті» online-кездесуі

Құрметті KazGASA студенттері!

12 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы "Қаржы орталығы" АҚ әлеуметтік жобалар мониторингі департаментінің маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызы "ауылдық квота" шеңберінде және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын университеттің барлық факультеттерінің бітіруші курс студенттерімен online-кездесу өткізеді.

Кездесудің басты мақсаты — түлектерге "Білім туралы" ҚР Заңының нормалары және оқуды аяқтағаннан кейін студенттердің міндетті жұмыс істеуі бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер туралы толық ақпарат беру және түсіндіру.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бакалавриатқа оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда оқуын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

Кездесу барысында студенттер оқуды аяқтағаннан кейін міндетті жұмыспен өтеу және жұмысқа орналасу бойынша өз сұрақтарын қоя алады. Кездесу диалог, сұрақ-жауап түрінде өтеді.

Бұл ақпаратты остарыңызға хабарлаңыз және кездесуді жіберіп алмаңыз!