Бағдарламаның ашылуы Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор — Имандосова Маргарита Булатовнаның алғы сөзінен басталды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың назарына «Қазақстандағы медициналық халықаралық орталықтардың құрылыс объектілеріндегі қадаларды динамикалық және статикалық сынау нәтижелерін салыстыру», «Оңтүстік Қазақстан мегаполистеріндегі әлсіз негіздерді нығайтудың геотехникалық ерекшеліктері», «Геофизикалық аспаптар мен дилатометрді пайдалана отырып, топырақтың сейсмикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелерін салыстыру» және «Қазақстанның сейсмикалық аудандарында тірек құрылыстарын жобалау және салу» сияқты өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды.
Дөңгелек үстел қатысушылардың сараптамалық пікірлері және қорытындыларымен аяқталды.