Новости МОК

Халықаралық білім беру корпорациясының Ғылым орталығының директоры лауазымына Жанғазы Нұржанұлы Молдамұратов тағайындалды

Жанғазы Молдамұратов— Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі (2010), PhD докторы ғылыми дәрежесіне ие (2017). Шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өткен (Беларусь, Польша, Германия, Нидерланды, Ресей). Жанғазы Нұржанұлы — 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ғылым жөніндегі кеңесінің мүшесі.

Бұған дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Жанғазы Нұржанұлын құттықтай отыра, жаңа қызметіне табыс тілейміз!