Новости МОК

Бос лауазымдарға байқау жарияаланады

ХБК келесі кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарына байқау жариялайды:
* "Сәулеттік жобалау негіздері" кафедрасы
* "Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті" кафедрасы
* "Қала Құрылысы" кафедрасы
* "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау"кафедрасы
* "Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс"кафедрасы
* "Инженерлік жүйелер және желілер"кафедрасы

Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе PhD докторы дәрежесіне артықшылық беріледі;
- Кафедра бейіні бойынша ғылыми, ғылыми-педагогикалық немесе практикалық қызмет өтілі кемінде 5 жыл;
- Нормативтік құқықтық актілерді білу (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары: "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары; Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласының жұмыс істеуі мен даму тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер);
- Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі (ESG) сапа кепілдігіне арналған салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіби стандарттарды, стандарттар мен ұсынымдарды білуі.

Кафедра меңгерушісінің құзыретіне қойылатын талаптар:
- Аналитикалық қабілеттер;
- Ұйымдастырушылық қабілеті;
- Дамыған қарым-қатынас дағдылары;
- Көшбасшылық қасиеттер;
- Командада жұмыс істей білу және ынталандыру;
- Өкілдік функцияларды орындай білу;
- Қызмет стратегиясын анықтау қабілеті;
- Күрделі үдерістерді басқару дағдылары;
- Ұжымдық жұмыстың нәтижесі үшін жауапкершілік алуға дайын болу;
- Күрделі кешенді мәселелерді шеше білу және тиімді шешімдер қабылдау;
- Белгісіздік және өзгерістердің жоғары жылдамдығы жағдайындағы бейімделу;
- Ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі.

Кафедра меңгерушісінің лауазымдық міндеттері:
- Кафедраны жалпы басқару;
- Білім беру үрдісін басқару;
- Ғылыми-зерттеу қызметін басқару;
- Инновацияларды енгізу және білім трансфері;
- Адам ресурстарын басқару;
- Сапаны қамтамасыз ету.

Ағылшын тілін білу және рейтингтік ғылыми басылымдарда ғылыми жарияланымдардың болуы артықшылық болып табылады.

Кандидаттарды іріктеу 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1) Мүдделі тұлғалардың түйіндемелерін қарастыру – 01.07.2022 ж. бастап 31.07.2022 ж. дейін;
2) Кандидаттармен әңгімелесу және конкурстық іріктеу – 01.08.2022 бастап 15.08.2022 дейін.

Әңгімелесу кезінде кандидаттар конкурстық комиссияға Халықаралық білім беру корпорациясының 2025 жылға дейін бекітілген даму стратегиясына сәйкес әзірленген кафедраның даму концепциясының презентациясын ұсынуы тиіс.

Мүдделі тұлғалардан түйіндемені келесі мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз a.sadykova@mok.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін HR департаментінің директоры Садыкова Асель Ахметбековнаға хабарласуыңызға болады (+77010526101)