ХБК KazGASA және KAU барлық факультеттерінің, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 2,3,4 курс студенттерінің "Академиялық ұтқырлық" бағдарламасы аясында оқуға байқау жариялайды
Шетелде оқуға арналған 8 орын(бір семестр), оның ішінде:
АҚШ - 1 орын
Еуропа-5 орын
Оңтүстік-Шығыс Азия-2 орын
Таңдалған елде тұру, авиа ұшу, визалық шығындар және медициналық сақтандыру бекітілген смета шеңберінде ҚР БҒМ есебінен төленеді.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар қажет:
1. Деканның орынбасары мен топтың эдвайзері қол қойған білім алушының сауалнамасы
2. IELTS ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат 5.5-тен төмен емес
3. ХБК-та оқу кезінде алынған дипломдардың, сертификаттар мен грамоталардың көшірмелері
4. Уәждемелік хат
5. Транскрипт
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 15.04.2022 дейін жүзеге асырылады
Барлық сұрақтар бойынша ХБК халықаралық кеңсесіне хабарласыңыз - Жандосова Әсел inter.dep@kazgasa.kz, тел: 8-727-220-80-49