Новости МОК

ХБК Тіркеушісінің міндетін атқарушы — қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып Абдиллаева Фарида Максутовна тағайындалды

Халықаралық білім беру корпорациясының тіркеушісінің міндетін атқарушы — қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болып Абдиллаева Фарида Максутовна тағайындалды.

Тіркеуші кеңсесі – ХБК құрылымдық бөлімшесі, оған барлық оқу бөлімшелерінің білім алушыларын тіркеу және жеке істерін жүргізу бойынша қызметтер жүктелген.

Фарида Мақсұтқызы өзінің негізгі қызметін ХБК қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы лауазымымен біріктіретін болады.

Фарида Мақсұтқызына жаңа қызметінде табыс тілейміз!