«Отанға барар жол» олимпиадасының жеңімпаздары:
1) Баспаева Жанара Руфатовна - ҚАУФ (Халықаралық қатынастар)
2) Талгат Журабеков Нурбай угли - ҚАУФ (Халықаралық қатынастар)
3) Хуанган Сункар Эмэгтэй - ҚАУФ (Халықаралық қатынастар)
Олимпиада жеңімпаздары барлық оқу кезеңіне Халықаралық білім беру корпорациясының ішкі гранттарының иегерлері атанды:
Олимпиада үш кезеңнен тұрды:
- Бірінші кезеңде, байқауға қатысушылар «Қазақ елінің тарихи тұлғалары» тақырыбында бейнеролик түсіріп, қазақ халқынан шыққан, қазақ тарихына өшпес із қалдырған атақты тұлғалар жайлы айтып өтті.
- Екінші кезеңде байқауға қатысушылар «Мен неге Халықаралық білім беру корпорациясына түскім келеді?» тақырыбында бейнеролик түсіріп,«Қазақстанға көшу және Халықаралық білім беру корпорациясында оқу - болашақ тұлғалық өсу мен елімізді дамыту бағытында қандай көмек бере алады?» деген тақырыпты толық ашты.
- Финалдық кезеңде қатысушылар таңдалған бағыт бойынша сұхбаттасудан өтті.
Олимпиадаға қатысқанымыз үшін барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз және жүлдегерлерді құттықтаймыз!
«Отанға барар жол» - сені жарқын болашаққа жетелейтін табысты қадам!